Бокс сүйер қауым ұмытып қалмас үшін өз парақшаларыңызға сақтап қойыңыздар Риода боксшыларымыз рингке қай күндері шығады? Рио олимпиадада боксшыларымыздың жарысқа шығатын күндері белгілі болды. ҚазАқпараттың мәлімдеуінше, Риода қазақ боксшылары тамыздың 6 күні шаршы алаңға шыға бастайды. Осы күні сағат жергілікті уақытпен 11:00-де 60 келі салмақта бірінші болып шаршы алаңға Б. Әбдірахманов шығады. Ал 17:00-де 81 келі салмақтағы боксшымыз Ә. Ниязымбетов пен 91 келі салмақтағы В. Левиттың өнерін тамашалай аламыз. Жарыстың екінші күні 7 тамызда 11:00-де осымен Олимпиадаға үшінші рет қатысқалы отырған ең жеңіл салмақ - 49 келідегі Б. Жақыпов өнер көрсетеді. Ал 17:00-де 81 және 91 келідегі боксшылар сынға түседі. Тамыздың 8-і күні 11:00-де Қазақстан ұлттық құрамасының команда капитаны 69 келідегі Д. Елеусіновтің жекпе-жегіне куә боламыз. Осы күні сағат 17:00-де тағы бір батырымыз Ж. Әлімханұлы шаршы алаңға шығады. Тамыздың 9-ы күні 11:00-де 60 келі салмақтағы боксшылар арасындағы іріктеу жарыстары өтеді. Ал 17:00-де 75 келі салмақтағы боксшылар мен +91 келідегі боксшылар арасындағы жекпе-жектерді тамашалайтын боламыз. Бұл күні қазақ боксшыларының арасындағы аса ауыр салмақтағы И.Дычко өнер көрсетеді. Тамыздың 10-ы күні сағат 11:00-де 49 келі салмақ дәрежесіндегі боксшылардың ширек финалдық бәсекелері басталады. Осы күні сағат 17:00-де қазақ боксшыларынан 56 келідегі Қ.Ералиев пен 64 келідегі А. Жүсіпов шаршы алаңға шығады. Сондай-ақ, 81 және 91 келі салмақтағы боксшылар арасында ширек финалдық бәсекелер өтеді. Тамыздың 11-і күні 56, 64, 69, және 81 келі салмақтағы боксшылар арасында іріктеу сындары жалғасады. Тамыздың 12-сі бокстан қыздар арасындағы жекпе-жектер басталады. Бұл күні сағат 11:00-де 51 келі салмақта өнер көрсететін қарындасымыз Ж. Шекербекованың өнерін көре аламыз. Ал 13 тамызда 11:00-де 52 келі салмақта О. Сәттібаев шаршы алаңға шығады. Осы күні сағат 17:00-де 69 келідегі боксшылар арасында ширек финалдық додалар өтсе, 91 келі салмақта жартылай финалдық бәсекелер өтеді. Ал +91 келі салмақтағы боксшылар арасында іріктеу ойындары ары қарай жалғасын табыды. Тамыздың 14 күні сағат 11:00-де екінші боксшы қызымыз Д. Шакимова шыршы алаңға көтеріледі. Ал тамыздың 15-і күні сағат 11:00-де 52 және 75 келі салмақтағы бокысшылар арасында іріктеу ойындары жалғасады. 69 келіде жартылай финалдық ойындар өтеді. 17:00-де 91 келі салмақтағы боксшылар арасында финалдық ойындар өтеді. Тамыздың 16-сы күні бокстан әйелдер арасында 51 келі салмақтан ширек финалдық жекпе-жектер өтетін болады. 17-ші тамыз сағат 14:00-де 75 келі салмақтағы қыздардың ширек финалдық бәсекелері өтеді. Ал тамыздың 18-і күні әйелдер арасында 51 келі салмақтағы боксшылардың жартылай финалдық жекпе-жектері өтеді. 19 тамызда сағат 14:00-де 75 келі салмақтағы қыздар жартылай финалдық жекпе-жектерін бастайды. 20 тамызда 14:00-де 51 келі салмақтағы боксшы арулар арасындағы финалдық додар басталады. 75 келі салмақтағы қыздар арасындағы боксшылардың финалдық жекпе-жектері 21 тамыз сағат 14:00-де басталады.

Теги других блогов: бокс Қазақстан Олимпиада